ГУ «Республиканский оперативно-спасательный отряд» Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан

            Достар топ болып  Проходной  шатқалына түнде таулы жорыққа шықты. Олардың екеуі қауіпті жерде шатырды орнатып, қараңғыда оны дұрыс және сенімді бекітпеген.

         Таңертең РЖҚЖ-ның кезекші бөліміне шатырдың үзіліп таудан құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Шатырда қызбен жігіт болған.

         Оқиға орнына құтқарушылардың жедел тобы шықты. Көп ұзамай, олар оқиға орнында болды. Альпинистік арқанды ағаш оқпанына бекіте отырып, құтқарушылар 20 метр биіктіктен  төменге, таста жатқан қызбен жігітке түсті. Алдын ала  болжам бойынша екі зардап шеккендерде бас миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы болған. Қыздың басында ашық жарақат бар. Жігіттің ортаңғы үштен бірі, оң негізгі сүйектері, көптеген жаралар мен соғулар сынуы мүмкін. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсеткен құтқарушылар қар құрсауында қалған адамдарды АМО бригадасына жеткізді.

         Осы күні екі қыз тауға серуенге шыққан. Батарейка өзені арнасының бойымен өтіп бара жатып, адасып кеткендерін байқамайды. Құтқарушылар құрбыларды тауып, машинаға түсірді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж емес.

         Биылғы жылы жазғы қапырық, адамдарды ойланбастан іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлейді. "Әуежай" көлінде осылай болды. Бұл көлде шомылуға қатаң тыйым салынады, РЖҚЖ құтқарушылары акваторияда тәулік бойы бақылау жүргізеді.

Бірнеше ер адам тыйым салу туралы ескертуге қарамастан жағада демалып, олардың біреуі суға шомылуға бел буды. Құтқарушылар бақылау пунктінен көмек туралы дауыстарын естіді. Суға батқан адамға қайықпен жүзіп, құтқару шеңберін лақтырды. Зардап шегушіні итеріп, қайыққа отырғызды. Ер адам су жұтып, жартылай су басқан. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, құтқару станциясына апарып,  есін жидыртты. Ер адамның аяғы тартылып, ол бата бастады. Тәртіп бұзушымен судағы қауіпсіздік шаралары туралы әңгіме жүргізілді, акваториядағы тәртіп ережелері туралы толық ақпарат берілді.

 

"ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметі»

барлық блогтар
барлық блогтар
Цой Владимир Константинович

"Уважаемые Казахстанцы!

Рад приветствовать Вас на своем блоге. С удовольствием отвечу Вам на все Ваши вопросы в рамках моей компетенции. Буду рад узнать Ваши замечания и пожелания."


Жазыңыз
Габдышев Тимур Дусунбекович

Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего отряда,…


Жазыңыз
Буржинский Юрий Александрович

"Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего…


Жазыңыз

Жаңалықтар

мұрағаттар
АҚШ консулдығы «ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ» ММ басшысын іскери қабылдауға шақырды
24 қыркүйек күні Республикалық жедел құтқару жасағының басшысы Владимир Константинович Цой АҚШ Бас консулы Эрик С. Мейрдың шақыруы бойынша, оның резиденциясындағы…
Ары қарай оқу  →
Тұмандағы іздеу
Үлкен Алматы шыңы – Іле Алатауының ең танымал әрі, қолжетімді жерлердің бірі
Ары қарай оқу  →
Құтқарушылардың әуе дайындығы
3 қыркүйек күні "ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ" ММ құтқарушылары "Қазавиақұтқару" АҚ-мен бірлесіп ТЖ орнына шұғыл шығу машықтарын бекітті
Ары қарай оқу  →