ГУ «Республиканский оперативно-спасательный отряд» Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан

           Демалыс науқаны қызу үстінде. Жазғы демалысты ойдағыдай өткізу үшін, шетелге барудың  аса маңызы жоқ, себебі Іле Алау табиғаты әсем, алайда барлық туристер саяхатқа шығу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамайды.  Себебі  демалыс күні, құтқарушылар тауда 22 адамды құтқарып қалды.  

Құтқарушылар тобы бірінші, алдын – ала ақпарат бойынша, 5 адамнан тұратын туристер тобының болжамды бағытына қарай, Үлкен Алматы шыңына бағыт алды. Осы аралықта ауа-райы күрт өзгеріп, жаңбыр жауып, найзағай соғысы жерге дейін соғып, артынан қар ілескен. Табиғат заңдылығының күрт өзгерісінен  адамдар қорқып, дүрбелең басталып, кері қайтуға шешім қабылданды, алайда нашар көрініс болғандықтан, топ өз бағытынан адасып кеткен. Құтқарушылар ауа-райы шарттарының қиындығына қарамастан, адамдарды іздеп тауып, қауіпсіз жерге көшірді. Тәлейлеріне орай, алғашқы медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ.      

         Жедел құтқұарушы топ базаға оралмастан, жаңа тапсырма алды.  Таңертең 14 адам Улкен Алматы шатқалы аймағындағы өзен арқылы көпірден өтіп, жоғары қарай ескі жапон жолымен бағыт алған. Туристер өткелге қайтып келген уақытта, өзендегі көлдің деңгейі көтеріліп, көпірді шайып кеткендігін анықтаған. Жақын арада болған құтқарушылар барлық зардап шегушілерді жедел автокөлікпен өзен арқылы өткізді.  

         Келесі көмек қажеттілігі туралы ақпарат тун ортасында келіп түсті. Үш жас азамат таң ертең Шымбұлақ шыңына саяхаттауға кеткен, ауа-райының күр өзгерісін олар да күтпеген еді. Қою тұманның кесірінен соқпақтан адасқан олар, көрші еңістен  жол іздеп таппақшы болған. Сәл уақыттан соң күн батып, мүлдем бағдардан адасқан олар, ұялы телефондарының қуаты таусылып, тек орналасқан орындары жайлы ақпарат жіберіп үлгерген. 

         Құтқарушылар балалардың оналасқан орнына, тасқараңғыда, тасты, әрі ылғалды тік жартаспен  бағытталды. Балаларды тапқан уақытта, олардың үсті су,  тоңып, әрі қорқып қалған. Құтқарушылар барлығына таудағы қауіпсіз мінез-құлық шарттарын түсіндірді. 

         «ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ»ММ құтқарушылары еске салады: тауға шығар алдында, ауа-райы шарттарымен міндетті түрде танысыңыздар, тауда жауын-шашын болу ықтималдылығы жоғары. Қосымша жылы киім алуды ұмытпаңыздар. Уақтылы көмек сұраңыздар, таныс емес шатқалдармен жүрудің қажеті жоқ. Найзағай соққан уақытта ашық алаңнан кету қажет. Егер сіз биік шыңда немесе тау жотасында орналасқан болсаңыз, жылдам биіктікті азайтыңыз. Активтеліп тұрған электроқұралдарыңызды, мысалға, мобильді ұялы телефон немесе рацияңызды толықтай өшіріп қойыңыз. Қауіпсіздік үшін отырып, аяқ қолыңызды жинап, басыңызды төмен түсіргеніңіз жөн.   

 

«ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ»ММ баспа сөз қызметі

барлық блогтар
барлық блогтар
Цой Владимир Константинович

"Уважаемые Казахстанцы!

Рад приветствовать Вас на своем блоге. С удовольствием отвечу Вам на все Ваши вопросы в рамках моей компетенции. Буду рад узнать Ваши замечания и пожелания."


Жазыңыз
Габдышев Тимур Дусунбекович

Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего отряда,…


Жазыңыз
Буржинский Юрий Александрович

"Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего…


Жазыңыз

Жаңалықтар

мұрағаттар
АҚШ консулдығы «ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ» ММ басшысын іскери қабылдауға шақырды
24 қыркүйек күні Республикалық жедел құтқару жасағының басшысы Владимир Константинович Цой АҚШ Бас консулы Эрик С. Мейрдың шақыруы бойынша, оның резиденциясындағы…
Ары қарай оқу  →
Тұмандағы іздеу
Үлкен Алматы шыңы – Іле Алатауының ең танымал әрі, қолжетімді жерлердің бірі
Ары қарай оқу  →
Құтқарушылардың әуе дайындығы
3 қыркүйек күні "ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ" ММ құтқарушылары "Қазавиақұтқару" АҚ-мен бірлесіп ТЖ орнына шұғыл шығу машықтарын бекітті
Ары қарай оқу  →