ГУ «Республиканский оперативно-спасательный отряд» Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан

РЖҚЖ құтқарушылары: белсенді туризм маусымы басталды

РЖҚЖ құтқарушылары: белсенді туризм маусымы басталды

                      Республикалық жедел-құтқару жасағының  құтқарушылары мерекелік демалыс күні  тауда адасып қалған туристерді іздестірді. Түстен кейін саяхатшылар Көкжайлау-Альмарасан бағыты бойынша жүрген, ал олардың туысқандарынан шамамен 22 сағат өткенде, РЖҚЖ-ның кезекші бөліміне олардың жоғалғаны туралы арыз түсті.  Жағдайды  анықтағаннан кейін жоғалғандардың арасында екі ересек адам, 1992 және 1983 ж.т. және 2011 жылы туылған жеті жасар бала болған. Туристер «Просвещенец» демалыс орталығынан Көкжайлайға көтеріліп, оң жақ жотаның бойымен жүре бастады, бірақ  жолдан адасып қалып, баяу жүрген. Бұған қоса, қараңғы түсіп және күн суыта бастаған. Құтқарушылардың жедел тобы 8 адамнан тұратын, оның ішінде итімен кинолог  ақпарат келип түскеннен кейін, жарты сағаттан кем уақыт ішінде іздеу жұмыстарын  бастап кетті. Зардап шеккендер табылып, қуанышка орай ешкимге медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар тау туризмінің қауіпсіздік негіздерін жылы мезгілде еске түсіреді. Тауға бара жатқанда, туыстарыңыз бен достарыңызға, өз бағытыңызды және қайту уақытыңыз туралы хабардар етіңіз. Ыстық күндерде қосымша  су алыңыз. Табиғи тау суын ішудің маңызы жоқ екенін естен шығармаңыз, себебі, ол тұзбен қамтылмаған және сондықтан ұзақ уақыт бойы шөліңізді баса алмайды. Кейбіреулері тоған ағысындағы суда ерітіп ішетін, тез ерігіш витаминделген дәрі дәрмек өзімен бірге алып жүреді. Тауға шығар алдында, карта мен байланыс құралдарын алу керек.  Сондай-ақ, әрбір 100 метрге көтерілген сайын, ауа температурасы 0,5 градусқа дейін төмендейтіні есіңізде болсын. Сондықтан тауда, елді мекендерге    қарағанда суық болады. Есіңізде болсын, тиісті киімдерді таңдап, өзіңізбен бірге жылы киім алыңыз. Өзіңіздің күштеріңізді есептеп,  сізбен бірге келе жатқан әлсіз әрі өзіңізден кіші адамдармен бірге болыңыз. Демалысыңызды қайғылы оқиғаға ұластырмаңыз.

 

 

 

ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ баспа сөз қызметі

барлық блогтар
барлық блогтар
РЖҚЖ құтқарушылары: белсенді туризм маусымы басталды
Цой Владимир Константинович

"Уважаемые Казахстанцы!

Рад приветствовать Вас на своем блоге. С удовольствием отвечу Вам на все Ваши вопросы в рамках моей компетенции. Буду рад узнать Ваши замечания и пожелания."


Жазыңыз
РЖҚЖ құтқарушылары: белсенді туризм маусымы басталды
Габдышев Тимур Дусунбекович

Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего отряда,…


Жазыңыз
РЖҚЖ құтқарушылары: белсенді туризм маусымы басталды
Буржинский Юрий Александрович

"Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего…


Жазыңыз

Жаңалықтар

мұрағаттар
Республикалық жедел - құтқару жасағының құтқарушылары оқушылармен бірлесе практикалық жаттығулар өткізді
24 қазан күні РЖҚЖ қызметкерлері ст. Шамалғанға шығып, "Жаңа қазақ орта мектебімен" бірлесіп азаматтық қорғаныс бойынша: жер сілкінісі кезінде және өрт…
Ары қарай оқу  →
Құтқарушылар күні
17-18 қазан аралығында, Республикалық жедел-құтқару жасағының базасында Құтқарушылар күніне арналған "құтқару көпсайысы" өткізілді
Ары қарай оқу  →
РЖҚЖ құтқарушылары су қоймаларында рейд жүргізуде
Суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін су қоймаларындағы рейдттер жалғасады. Есіңізде болсын! Судағы қауіпсіздік ережелерін қадағалау сізге және сіздің…
Ары қарай оқу  →