ГУ «Республиканский оперативно-спасательный отряд» Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан

               Төтенше жағдайлар және олардың салдары өте қорқынышты сипатқа ие, әрбір адамның дене тұтастығына және психикалық тұрақтылығына әсер етеді. Республикалық жедел-құтқару жасағының әрдайым кез-келген қиындыққа тап болған кезде, көмекке бірінші болып жетеді және әрқашан көмек беруге дайын. Осы адамдардың қызметінің арқасында, көптеген өмір құтқарылды. Әрбір шығу – бұл сынақ, олар кедергілерден өтіп отырып, жоғары деңгейлі кәсіби қасиеттерін көрсетіп, алдарына қойылған тапсырмаларды жедел орындайды. Барлығы, өткен 2018 жылы авариялық-құтқару жұмыстарын, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу барысында 300-ден астам адам құтқарылды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жеңілдету жұмыстары жүргізілді. Тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. РЖҚЖ құтқарушылары "1000" игі істер бағдарламасына қатысты, соның арқасында балалар үйінің тәрбиеленушілерінің 30 - на жүзу үйретілді, ал жиырма жалпы білім беретін мектептерде, жеке құраммен жүріс-тұрыс қағидалары туралы, қысылтаяң жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дәрістерімен және практикалық семинарлар, шамамен 2200 балаға төтенше жағдайлар туындаған кезде практикалық іс-әрекеттер дағдылары үйретілді, жоғарыда аталғандардан басқа, жасақ қызметкерлері су айдындарында, жазғы сауықтыру лагерлерінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыс натижесі 850-ден астам балалар санын қамтиды. Жеке құраммен Іле, Қаскелең, Весновка су айдындарында, сондай-ақ Алматы облысы таулы өзендерде және көлдерінде сүңгуірлік іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар іздеу-құтқару операцияларын өткізу мақсатында 58 рет тауға шыққан. Көптеген жағдайларда РЖҚЖ қызметкерлері өз бағытынан адасқан туристтік топтарға, жолаушыларға және туристерге медициналық көмек көрсету үшін және тасымалдау қажет кезінде көмектерін аямаған.  РЖҚЖ құтқарушылары "Қазавиақұтқару" АҚ – мен бірлесіп,   Қазақстан аумағында, сондай-ақ, Қырғызстан аумағында қауіпті және қатынасу қиын аудандарда таулы жерде, шұғыл көмек көрсету жұмыстарында болған. Өзге  мемлекеттерден келген Жапония, Испания, Чехия, Германия, Польша, Ресей азаматтарын төтенше және ауыр жағдайлардан құтқарған. Кешенді туризм аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету құтқарушылардың  жұмыстарының жетекші тапсырмаларының бірі болып табылады. РЖҚЖ қызметкерлерінің арқасында скайраннинг бойынша ҚР чемпионаты, "Пик Нурсултан 2018"  сияқты массалық альпиниада іс-шаралары, жазатайым оқиғалар және төтенше жағдайларсыз, сәтті аяқталды. Биылғы жылы жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, құтқарушылар18 рет көмекке шыққан. РЖҚЖ Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға, "Көктем—2018", "Қыс -2018", сондай-ақ халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға "Кобальт-2018", "Скала 2018"қатысып, онда зардап шеккендерді құтқарудың заманауи әдістері көрсетілді. РЖҚЖ  іздестіру және зардап шеккендерді эвакуациялау кезіндегі құтқару бөлімшелерінің өзара тиімді іс-қимылдарын пысықтау үшін, Өзбекстан Республикасы Чимган қаласында өткен, Қырғызстан ТЖМ-мен және Өзбекстан ТЖМ құтқару бөлімшелерімен бірлесе үшжақты оқу-жаттығуларға қатысты.   Биылғы жылы басты жетістіктерінің бірі, "Казспас-2018" құтқару көп – сатылы  жарыста жеңісті қолдан жібермедік. Құтқарушылар барлық күш - жігерлерін, сайып келгенде, табиғи апаттар және өзге апаттар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету  тиімділігін арттыруға бағытталған. Өткен 2018 жылы Республикалық жедел-құтқару жасағы еңбек жолында көптеген күрделі және қысылтаяң сәттерді еңсерді, күннен – күнге  өз адал міндетін орындай отырып, ел алдында борыштарын ақтауда. Өйткені, РЖҚЖ құтқарушылары үшін тиімді жұмыс көрсеткіштерінің бастысы – бұл адам өмірін құтқарып қалу болып табылады.

   

 

«ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ» ММ баспа сөз қызметі

 

барлық блогтар
барлық блогтар
Цой Владимир Константинович

"Уважаемые Казахстанцы!

Рад приветствовать Вас на своем блоге. С удовольствием отвечу Вам на все Ваши вопросы в рамках моей компетенции. Буду рад узнать Ваши замечания и пожелания."


Жазыңыз
Габдышев Тимур Дусунбекович

Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего отряда,…


Жазыңыз
Буржинский Юрий Александрович

"Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего…


Жазыңыз

Жаңалықтар

мұрағаттар
19 наурыз Алматы тауларында РЖҚЖ құтқарушылары профилактикалық қар көшкінін түсірді
Қар көшкіні сәтті өтті, ешкім зардап шеккен жоқ. РЖҚЖ құтқарушылары біздің аймақтағы көшкін қауіпті кезең қаңтардан сәуір айына дейін жалғасатынын еске…
Ары қарай оқу  →
РЖҚЖ құтқарушылары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ 2018-2019
6-7 наурыз күндері Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша ақпараттық сабақ өткізу,…
Ары қарай оқу  →
Оқушылар РЖҚЖ құтқарушыларымен бірге Азаматтық қорғаныс күнін атап өтті
Азаматтық қорғаныс күніне орай, Республикалық жедел - құтқару жасағы аумағына, Ашық есіктер күніне, Алматы қаласындағы №187, №188, №174, №176, №192, №157…
Ары қарай оқу  →