ГУ «Республиканский оперативно-спасательный отряд» Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Республикалық жедел - құтқару жасағы Құтқарушылар күнін атап өтті

Республикалық жедел - құтқару жасағы Құтқарушылар күнін атап өтті

              17-18 қазан аралығында, Республикалық жедел-құтқару жасағының базасында Құтқарушылар күніне арналған  "құтқару көпсайысы" өткізілді. Жарысқа қатысуға жеке құрамның құтқару бөлімшелерінен бес команда құрылды, олардың ішінде жаңадан қабылданған және жас қызметкерлерден құрылған құрама команда болды. Қатысушы командалар негізгі бес сынақтардан өтті : 1-кезең "медицина", 2-кезең "кроссфит", 3-кезең "үйінді", 4 кезең "өнеркәсіптік альпинизм", 5-кезең "құтқару жұмыстары". Кезеңдерден өту уақытын және сапасын, неғұрлым тәжірибелі құтқарушылар бағалады. Жүлделі орындарды бөлісу, жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей: бірінші орын – бірінші бөлімше, екінші орынды – екінші бөлімше, үшінші орын – құрама команда. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, грамоталар, медальдар және  жасақ жетекшісінің ауыспалы кубогі  берілді.

19 қазан күні,  РЖҚЖ аумағында батырлық кәсіпті және кәсіби мереке – құтқарушылар күнін атап, салтанатты іс-шаралар өткізілді. Құтқарушыларды құттықтау үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды, онда музыкалық конкурстардың лауреаттары, сондай-ақ "Айгерим" балабақша шығармашылық ұжымы өнер көрсетті. Осы айтулы күні РЖҚЖ қызметкерлерін құттықтауға, азаматтық қорғау органының еңбек сіңірген қызметкері Алматы қаласы төтенше жағдайлар және зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталығының директоры генерал-майор Петров В.В. және  қарулы күштерінің полковнигі Тілеулиев А. келді. Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Айнақұлова Д.М. және Алматы қаласының  Наурызбай ауданының Ішкі істер басқармасының кеңес төрағасы Жаңабаев Б.О., ауғанстан ардагерлер кеңесінің қоғамдық қорының төрағасы Пшембаев С. К. құтқарушыларға өз алғыстарымен жылы тілектерін білдірді. Мерекеге бұрынғы РЖҚЖ қызметкерлерімен ардагерлер қатысты мерекелік іс-шара аяқталғаннан кейін, естелік сыйлықтар медальдар және  грамоталар берілді.

 

 ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ баспа сөз қызметі

барлық блогтар
барлық блогтар
Республикалық жедел - құтқару жасағы Құтқарушылар күнін атап өтті
Цой Владимир Константинович

"Уважаемые Казахстанцы!

Рад приветствовать Вас на своем блоге. С удовольствием отвечу Вам на все Ваши вопросы в рамках моей компетенции. Буду рад узнать Ваши замечания и пожелания."


Жазыңыз
Республикалық жедел - құтқару жасағы Құтқарушылар күнін атап өтті
Габдышев Тимур Дусунбекович

Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего отряда,…


Жазыңыз
Республикалық жедел - құтқару жасағы Құтқарушылар күнін атап өтті
Буржинский Юрий Александрович

"Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего…


Жазыңыз

Жаңалықтар

мұрағаттар
Құтқарушылар скайранниг жүгіруіне қатысты
Өткен сенбіде, Іле Алатауы тауларында скайранниг бойынша біліктілік жүгірісі өтті
Ары қарай оқу  →
РЖҚЖ құтқарушылары Іле Алатау Тауында екі туристі құтқарды
"ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ "ММ құтқарушылары кезекті рет тауда іздеу-құтқару операцияларына қатысты
Ары қарай оқу  →
Алматы қаласының тұрғыны бірнеше дене сынығымен тауда бір тәулік жатып қалды
Әуесқой-орнитолог үшін таудағы серуендеу қайғымен аяқталуы мүмкін еді
Ары қарай оқу  →