ГУ «Республиканский оперативно-спасательный отряд» Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан

ҚР «ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағы» М.М. тарихы

ҚР «ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағы» М.М. тарихы

Жасақ басшысының бастамасымен және басшылығымен, 1996 жылдан бастап, «Казспас» жиын – семинары өткізілді, қазіргі таңда бұл жарыс Халықаралық жарыстар мәртебесіне ие.

Жасақ базасында күнделікті құтқарушылардың арнайы дайындықтары жүргізіледі.   Оған дағдыларды үйрету, құтқару жұмыстарын жүргізу техникасы  мен тактикасы, теориялық  жаттығулар кіреді.

         Физикалық дайындықты жақсарту мақсатында жергілікті жерлермен 10 – 15 шақырым узындыққа кросстар жүргізіледі, таулы аймақтарда  қарқынды қимылдау 20 шақырымға дейін және күштік төзімділікті дамыту ушін жаттығулар жүргізіледі.

Аппаттан – құтқару және іздестіру – құтқару жұмыстарының әдістерімен тактикасын орындау үшін, ғимараттар мен құрылыстарда газ жарылғанда, жойқын жер сілкінісінде, адамдардың қар көшкініне тап болғанда, жетуге жолы қиын аудандарда, адам жоғалған кезде, жергілікті жерлерде жылдам дағдылану үшін, күрделі биіктіктегі құрылымдарда кіріспе жаттығулар  жүргізіледі.

УҚТ және ҚТ  толқындарында радиобайланыс жүргізу дағдылары, алғашқы медициналық көмек көрсету және басқа да көптеген нәрселерге дайындық жүргізіледі.

         Бүгінгі таңда РЖҚЖ-ның құтқарушы – мамандарының физикалық және техникалық дайындығы табиғи және техногенді сипаттағы апаттардың барлық түрлерінде құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта РЖҚЖ-ның құтқарушылары халықаралық нормаларға сәйкес 14 тәулік ішінде тиімді жұмыс істеу үшін толық автономиямен барлық қажетті нәрсеге ие.  Оның ішіне барлық тіршілікті қамтамасыз ететін,  азық-түлік, қосалқы заттар, дәрі-дәрмектер, арнайы құрал-жабдықтар мен жабдықтар кіреді.

1996 жыл

1996 жылы Президенттің мерейтойына орай Комсомол шыңында альпиниада өткізілді. РЖҚЖ  мұздықтар арқылы өтуіге бағыт бағдарын дайындады, көтерілу жолына арқандар тастап, альпиниада кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты. Комсомолдың шыңына жоғары деңгейдегі президенттік аппарат өкілдері, ОСКА басшысы, Алматы қаласының әкімі, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен журналистер жоғары көтерілді, саммитке 250-ден астам адам болды. 1996 жылдан бастап Комсомол шыңында альпиниада жыл сайын өткізіліп келеді.

Жыл сайын РЖҚЖ - ның құтқарушылары Жамбыл атындағы, гвардияшы 28 Панфиловшылар, Молодежный шыңдарында альпиниада кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады.

1999 жыл

ҚР Үкіметі қаулысымен РЖҚЖ құтқарушылары Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысады. Тәулік бойы жұмыс істеген 7 күннің қорытындысы бойынша өлгендердің 55 денесі  табылып, бір жеті жасар бала құтқарылды. Жалпы алғанда 1500 текше метрден астам  үйінді шығарылды. Жергілікті билік Қазақстандық құтқарушылардың кәсібилігін жоғары бағалап, жергілікті және халықаралық БАҚ-тар  жігерлі еңбегі үшін оларды «Атомдық құмырсқалар» деп  атады.

2000 жыл

2000 және 2003 жылдары Қазақстан хан-Тәңірі шыңына (7010 м) халықаралық альпиниада өткізілді. Бөлімшенің құтқарушылары 5000 метр биіктікке көтерілу кезінде, жараланған альпинистердің екі іздестіру-құтқару-тасымалдау жұмыстарына, жолдарды дайындауға және көтерілудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты. 2000 жылы 1-ші Халықаралық «Хан Тәңірі 2000» фестивалі аясында РЖҚЖ құтқарушылары ҚР  ТЖА - нің туын Қазақстанның ең биік шыңына көтерді.

2003 жыл

2003 жылдан бастап «Жоғары техникалық РЖҚЖ мектебі» жұмыс істеуде онда, тау-кен құтқару жұмыстары, тауға көтерілуді, дағдылану және таудағы ауыр жағдайларда аман қалу  дағдыларын  РЖҚЖ құтқарушыларымен ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басқа да бағынышты бөлімшелерінің құтқарушылары да машықтанады.

Мектептің жұмыс істеу мерзімінде, альпинизм және тау туризмі үшін, 3-ші санаттағы нормаларға сәйкес 300-ден астам құтқарушылар біліктілігін арттырды.

2007 жыл

«Протон-3М» тасымалдаушы зымыранының Жезқазған қаласының маңында  апат болып құлауының салдарын жою жұмыстарына қатысты.

2010 жыл

РЖҚЖ құтқарушылары Алматы облысының Қызылағаш ауылында  су бөгетінің жарылу салдарын жоюға қатысты.

барлық блогтар
барлық блогтар
ҚР «ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағы» М.М. тарихы
Цой Владимир Константинович

"Уважаемые Казахстанцы!

Рад приветствовать Вас на своем блоге. С удовольствием отвечу Вам на все Ваши вопросы в рамках моей компетенции. Буду рад узнать Ваши замечания и пожелания."


Жазыңыз
ҚР «ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағы» М.М. тарихы
Габдышев Тимур Дусунбекович

Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего отряда,…


Жазыңыз
ҚР «ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағы» М.М. тарихы
Буржинский Юрий Александрович

"Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего…


Жазыңыз

Жаңалықтар

мұрағаттар
Алматы тауында аяғын үсіріп алған саяхатшы
РЖҚЖ құтқарушылары ескертеді: қалтырауды сезініп, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылғандығын сезсеңіз, аяқ-қол бармақ ұштары ауырса және тамырдың соғуы әлсіз…
Ары қарай оқу  →
Алкогольдік зиян туралы
Ішімдікті пайдалану мәселелеріңізді шешуге немесе психоэмоционалдық стрессті азайту құралы болып табылмайды
Ары қарай оқу  →