ГУ «Республиканский оперативно-спасательный отряд» Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Біз туралы

Біз туралы

1994 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің

№ 235 қаулысымен Республикалық жедел-құтқару жасағы құрылды. 1996 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлердегі төтенше жағдайлар аймақтардағы құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым ретінде өз қызметін бастады. Құрылған күнінен бастап, жасақ басшысы Халықаралық дәрежедегі  құтқарушы Әлихан Какенұлы Кобжанов, ал 2012 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Владимир Константинович Цой болып келеді.

Жасақтың негізгі міндеті  - Республика аумағында және шет елдерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін РЖҚЖ бөлімшелерінің тұрақты дайындығын қамтамасыз ету, табиғи апаттардан зардап шеккендерге, авариямен мен апаттарда шұғыл көмек көрсету, қауіптілігі жоғары нысандарда қол жетімсіз  аумақтарда іздестіру – құтқару жұмыстарын және құтқару жұмыстарын жүргізу, ұйымдастыру болып табылады.

Бүгінгі күні штат кестесі бойынша РЖҚЖ-да 90 адам бар.Олардың көбі - машықтанған спортшылар, мысалға:   альпинизм, тау туризмі, өнеркәсіптік альпинизм, жаттықтырушы – сүңгуір, Қазақстанның Кинология  одағының нұсқаушысы сияқты, қолданбалы спорт түрлерінің нұсқаушылары болып табылады. Негізгі мамандықтан басқа, құтқарушыларда қосымша мамандықтар бар: олардың арасында, газ – электр дәнекерлеушілер, жүк ілдіруші, барлық санаттағы жүргізушілер, механиктер,  кран автокөлігін жүргізушісі, дәрігерлер, кинологтар,  суңгуірлер, шағын кемелерді жүргізушілері де бар.

 

Бүгінгі таңда бөлімшенің құтқарушыларының санат біліктілігі;

 

Санаттылығы     Аттестацияланған

 ХД құтқарушы                          1  адам

1  санатты құтқарушысы      16  адам

 2 санатты құтқарушысы      14  адам

 3  санатты құтқарушысы     10 адам

Құтқарушы санатында         36  адам 

 

Жасақтың жақсы материалдық-техникалық базасы бар. Тауларда 5 мыңнан астам биіктікте іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін толық қанды жабдықтар жиынтығы бар. Фирмалардан «Холматро», «Бош», «Штиль», «Хонда» сияқты 180 бірлік құтқару құрал – жабдықтарымен құтқарушылар жабдықталған. Олардың ішінде әртүрлі кескіш түрлері, кеңейтіштер, гидравликалық және пневматикалық көтергіш, әр түрлі сорғылар бар. Химиялық авариялар мен апаттардың салдарын жою үшін 20 қорғаныс жабдықтарының жиынтығы бар.

РЖҚЖ-ның автокөлік қызметінде 33 бірлік жоғары өтімді автокөлік бар, «Иртыш» жол талғамайтын жүзгіш автокөлік,  сонымен қатар «Нива Бронто-Марш" үш жоғары сапалы көлік және қар басқан, жол салынбаған, батпақты жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін төменгі қысымды дөңгелекті  "Нива Бронто-Пикап", "ТРЭКОЛ" автокөліктері бар. Жасақ кішігірім техникамен және  экстремалды жағдайларда жұмыс жүргізу үшін, қалың қарда жүріп-тұруға арналған көлік, квадроциклдар, таулы аймақтарда эвакуациялаумен іздестіру – құтқару жұмыстарына бірнеше мәрте қолданылған  «Арго» және «Паларис» атты көлік құралдарымен жабдықталған.

РЖҚЖ –да сүңгуір қызметі бар. Жасақтың 13 құтқарушысы, 1 – 3 санатты сүңгуірлерді даярлау бағдарламасының дайындығынан өткен.  Қызмет, су астында күрделі іздестіру - құтқару және техникалық қызмет көрсету үшін, заманауи шетелдік жабдығымен жабдықталған. Тау өзендерінде ІҚЖ жүргізуге «Рафт»  суда жүзу құралдары бар. Су тасқыны аймағында жұмыс істеуге арналған жергілікті 6, 8 және 20 орындық электр қозғалтқышты қайықтары бар. Іздестіру аймағына сүңгуірлерді шұғыл жеткізу үшін гидроцикл және  үрленетін кеме «Пегас» бар.  Барокомплекс  және «Гном» су астын барлауға   және бейне түсірілімге арналған сүңгуір қызметінің қарулы жабдықтары.  Жаңа техникамен қатар жасақ, кез – келген күрделі және күрделі суасты жұмыстарына арналған соңғы үлгідегі, заманауи  талаптарға жауап беретін сүңгуір құрал - жабдықтарымен жабдықталған.

РЖҚЖ кинологиялық қызметі құрамында 8 құтқарушы кинолог  және 10 із кесуші иттер бар. Қазіргі уақытта барлық иттерде тиісті куәліктері бар.

барлық блогтар
барлық блогтар
Біз туралы
Цой Владимир Константинович

"Уважаемые Казахстанцы!

Рад приветствовать Вас на своем блоге. С удовольствием отвечу Вам на все Ваши вопросы в рамках моей компетенции. Буду рад узнать Ваши замечания и пожелания."


Жазыңыз
Біз туралы
Габдышев Тимур Дусунбекович

Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего отряда,…


Жазыңыз
Біз туралы
Буржинский Юрий Александрович

"Уважаемые друзья! Я рад, что Вы зашли на официальный сайт Республиканского оперативно-спасательного отряда. На моем блоге Вы можете оставить свои вопросы и пожелания касательно работы нашего…


Жазыңыз

Жаңалықтар

мұрағаттар
РЖҚЖ құтқарушылары аяғын сындырып алған зардап шегушіні тасымалдады
12 мамыр күні Республикалық жедел – құтқару жасағының кезекші – диспетчерлік бөліміне Ресей азаматынан көмек сұрап қоңырау келіп түсті
Ары қарай оқу  →
белсенді туризм маусымы басталды
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мерекелік демалыс күні тауда адасып қалған туристерді іздестірді
Ары қарай оқу  →
РЖҚЖ құтқарушылары балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жүзуді үйретті
ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел – құтқару жасағының құтқұарушылары Алматы қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлерімен бірігіп, «1000 жақсы іс» бағдарламасының…
Ары қарай оқу  →